BARK Technology компаниясы виброакустикалық терапияға арналған VibroLUNG/Percuton жүйесінің Стамбұл қаласындағы пульмонология және торакальды хирургия саласындағы жетекші мамандандырылған медициналық орталықтардың бірі — Süreyyapaşa Göğüs Hastalıkları ve Göğüs Cerrahisi Eğitim ve Araştırma Hastanesiауруханасында іске қосылғанын хабарлайды.
Жоба аясында жабдықты жеткізу, орнату, медицина қызметкерлерін оқыту және жүйені клиникалық пайдалануға енгізу жұмыстары толық орындалды. Қолданудың алғашқы күндерінен бастап аурухана мамандары технологияны пациенттермен жұмыс барысында пайдалана бастады және алғашқы оң пікірлерімен бөлісуде.
VibroLUNG/Percuton жүйесінің Түркияда енгізілуі BARK Technology компаниясының халықаралық дамуы жолындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Шетелдік медициналық ұйымдардың қызығушылығы заманауи инвазивті емес респираторлық терапия және оңалту технологияларына сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.
Компания жеткізілім географиясын кеңейту және медициналық мекемелермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
BARK Technology — Қазақстанда әзірленіп, өндірілген медициналық технологиялар әлем клиникалары үшін.

