
Қазақстанда өндірілген Percuton аппараттарының алғашқы партиясы Португалияға жетті! Еуропалық медициналық техника нарығына шығудың бастапқы нүктесі – Лиссабон қаласы болды, мұнда жабдықтың алғашқы орнатуы, жергілікті сервис бөлімін оқыту және жабдықтың алғашқы апробациясы өткізілді. Португалиядағы Percuton ресми дистрибьюторы BARK Technology компаниясының сенімді серіктесі – H-ZIMUT Lda.