АБАЙ ОБЛЫСЫНА ВИБРОАКУСТИКАЛЫҚ ТЕРАПИЯ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Семей қаласының №1 емханасында осы аптадан бастап VibroLUNG виброакустикалық терапия аппараты жұмыс істей бастады. Қазақстандық BARK Technology өндірушісі Семей тұрғындары үшін сыйлық жасады. Компания тартуы облыс әкімдігімен және денсаулық сақтау басқармасымен келісілген.

VibroLUNG (ВиброЛАНГ) – Қазақстан, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық стандарттарына енгізілген және Еуропа мен Америкаға экспортталатын отандық өнім. BARK Technology компаниясы жабдықты Семей қаласының №1 емханасына тарту етті. Енді Абай облысының барлық тұрғындары виброакустикалық терапиядан өте алады. Қазақстандық кәсіпорын өз өнімін тіпті біздің құрлықтан тыс Америкаға да жеткізіп отыр. Жақында Мемлекет басшысы Душанбеде тәжік халқына осындай үш құрылғыны сыйға тартты.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top